Адамдарға деген сенiмдi ешқашан жоғалтпау керек

АСТАНА. 8 шілде. ҚазАқпарат - BBC News агенттiгiне сілтеме жасап, Жас Алаштың хабарлауынша, Сэлфорд Барри Иствуд атты ағылшын азаматының банктен шыққан кезiнде байқаусызда аяғы шалынып, қолындағы бiр мың фунты шашылып қалған.
None
None

 Дәл сол сәтте жел тұрып, ақшаны көкке көтерiп алып кеткен. Бiрақ ары-берi жүрген жүргiншiлер желмен ұшқан ақшаны қуып жүрiп ұстап, оны иесiне қайтарып берген. "Мен құлап түскеннен кейiн жедел басымды көтердiм. Ақшамның аспанда ұшып жүргенiн, ал адамдардың секiрiп, оны ұстап жатқанын көрiп: "Жаңа ғана осы ақша менiң қолымда болды ғой?!."  деп ойладым. Ақшадан айырылғаныма қапысыз сендiм әрi көндiм де. Шынымды айтайыншы, адамдар маған ақшаны қайтарып берiп жатқанда қатты таңғалдым. Көлi­гi­ме отыра сала жандәрмен қайтарылған ақшаны санасам... бiр мың фунтқа 20 фунт қана жетпей­дi екен...",  - дейдi Иствудтың өзi.

Жүргiншiлер Сэлфорд Барри Иствудқа ақшасымен қатар құжаттары мен банк қағаздары салын­ған әмиянын қайтарып берiптi. Иствуд құлаған кезде әмияны да асфальт­қа ұшып түссе керек. 

Барри Иствуд журналистерге адамдарға деген сенiмiн ендi еш­қашан жоғалтпайтынын мойындады.

 

Соңғы жаңалықтар