04:50, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Адамға ұқсайтын маймылдар азайып барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Он мемлекеттің мамандары жиналып, жер бетінде адамға ұқсайтын маймылдардың азайып бара жатқанына алаңдап отырғандарын жеткізді. Қытай, Ұлыбритания, Германия, Америка сынды мемлекеттер мен Халықаралық табиғатты қорғау одағының өкілдері Хайнань аралында осы мәселеге қатысты арнайы форум өткізді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Хайнань аралында адамға ұқсайтын маймылдарды тек Баванлин мемлекеттік табиғи паркінен кездестіруге болады. Қазіргі кезде қорықта небәрі 3 отбасылық топ пен 23 гиббон қалған екен.
Форумның ұйымдастырушылары - Баванлин қорығының басшылары мен Лондонның зоологтар қауымдастығы адамға ұқсас маймылдардың азайып бара жатқаны туралы дабыл көтеріп, алда оларды көбейтуді қолға алу туралы ұсыныс жасады.