«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» - алматылықтар бірлік күнін тойлап жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...», қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының осы бір тәмсілін бүгінгі мерекенің тұмарындай еткен Алматыдағы халықтар бірлігі күні Қазақстандағы татулықты тағы бір паш етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null null null
Алматының Республика сарайы алдында құрылған бас сахна халықтар достығы мен өнерінің жарқын көрінісі болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінгі сахнада Әзербайжан, Татарстан, Өзбекстаннан келген әншілер отандық өнерпаздармен сахна ажарын кіргізсе, 300 бишінің «Қазақстан  біздің ортақ үйіміз» композициясын орындауы көрермен үшін сыйлық болғаны сөзсіз. 

null null
«300 бишінің сахна төрінде бірдей билеуін ерекше атап өтер едім. Әр ұлт өкілінің билері қандай тамаша. Әсіресе, Өзбекстаннан келген әншінің орындауындағы «Румолим» әні мен бишілері тіпті, керемет. Мына алаңға кіре беріске Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзін жазып қойыпты. Өте дұрыс. Қазақстанымыздағы осы бірлік ешқашан бұзылмасын», - дейді Алматыға қонаққа келген шығысқазақстандық ұстаз Бимайра Оқанқызы.

null null
Айта кетейік, бүгін Алматының 8 ауданында 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні тойланып жатыр. Республика сарайы алдындағы басты сахнаға Алматыдағы 34 этно-мәдени бірлестік өз шатырын тігіп, дәстүрін таныстырды. Алаңда 6 түрлі тәсілмен 300 келі күріш пісірілді. Бүгін кешке Турецкий хоры ұжымы өнер көрсетеді. 
null null 

Соңғы жаңалықтар