Адамзаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету керек - Қытайдың вице-премьері
«Қытайда халық саны 1,4 миллиардқа жетті. Бұл әлемдегі ең үлкен адами капитал. Кешенді дамудағы ауқымды ілгерілеу мен экономикалық дамудың елеулі перспективалары әлемдік экономикадағы тұрақты драйвер ретінде Қытайдың рөлін белгіліп отыр. Біз осы мүмкіндіктермен бөлісуге әзірміз. Бұл өз кезегінде бірлесе даму мүддесі тұрғысында маңызды», - деді ол Астана экономикалық форумы барысында.
Осы орайда ол ашық ынтымақтастық арқылы әлемдік экономиканың тұрақты өсімін бірлесе қамтамасыз ету мүмкіндігіне тоқталды.
«Біз әлем елдерімен экономикалық либерализация және экономикалық жаһандануды қолдау тұрғысында бірлесе әрекет етуге дайынбыз. Бұл ретте қуатты, теңдестірілген өсімге екпін қойылады», - деді ҚХР өкілі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, АЭФ аясында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард әлем экономикасының дамуына қатысты пікір білдірді.