Әділет министрі ардагерлермен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Әділет министрі Рашид Түсіпбеков Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын тойлауға арналған мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысынан Астанаға арнайы келген Ұлы Отан Соғысына қатысушылармен кездесу өткізді,
None
None

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Әділет министрі ардагерлерді құттықтай келе, Жеңіс мейрамы ондаған жылдар өтсе де, майдандастар ұрпағының ерлігі, айбыны мен құрметінің жарқын символы болып қала беретінін айтып өтті. Олардың ерен ерлігі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Министр Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының фашизмді жеңудегі КСРО аумағындағы және одан тыс жерлердегі барлық ірі ұрыстарға қатысушы жауынгерлер ретінде қосқан үлесін атап өтті.

Мұрағат деректеріне сәйкес, тек Шығыс Қазақстанда 60 адам Кеңес Одағы Батыры атағын алған, 30 мың адам ордендермен, медальдармен марапатталған. 72 мыңнан астам адам «Ұлы Отан Соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалін алған.

Кездесу соңында ардагерлер мұндай жылы қабылдау үшін, сондай-ақ Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен қатысушыларын әлеуметтік қолдау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар үшін ризашылықтарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар