Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Әділет» партиясы жаңа саяси тұғырнамасын жария етті

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада «Әділет» партиясының өкілдері аталған саяси ұйымның «Әділеттілікке барар жол» атты жаңа саяси тұғырнамасын жария етті.

«Әділет» партиясы жаңа саяси тұғырнамасын жария етті

«Әділет» партиясының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, партия өз тұғырнамасында, ең алдымен, еліміздегі орта топты дамыту мәселесіне ерекше мән беруді ұсынып отыр. «Себебі Қазақстандағы орта топтың үлес салмағы 60 пайызды құрайды. Сондықтан олар еліміздегі саяси-экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі күші болып саналады», - дейді ол.

Партия төрағасы атап көрсеткендей, «Әділеттілікке барар жол» атты жаңа саяси тұғырнама «социал-консерватизм» ұстанымына негізделген. «Бір жарым жыл бойы аталған тұғырнаманы әзірлеу кезінде біз «социал-либерализм» ұстанымынан «социал-консерватизмге» ауыстық. Себебі бұл саяси жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеді», - деп атап көрсетті М.Нәрікбаев.

«Әділет» партиясының жаңа саяси тұғырнамасында көрсетілгендей, партияның консерватизмдік ұстанымы қазақтың ұлы ағартушылары Абай, Шоқан Уәлиханов пен «Алаш» партиясы өкілдерінің идеяларындағы саналы консерватизмнің жалғасы болып табылады.