Әділет Тойбаев Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы болды

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.
2009-2011 жылдары – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жетекші әдіскер, әдістемелік бөлім бастығы, оқу жұмысы департаментінің директоры.
2011-2017 жылдары – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде оқу-әдістемелік басқарманың бастығы, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, оқу ісі жөніндегі проректор.
2017-2018 жылдары — Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.
2018-2022 жылдары ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарды.
2022 жылы – ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы.
2022 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаментінің директоры.