Әділ Асқанбай жартылай финалға жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Индонезия астанасы Джакартада U19 және U23 санатындағы Азия чемпионатының жетінші жарыс күні басталды.
U19 санаты бойынша 50 келідегі Әділ Асқанбай ширек финалда Филиппин өкілі Лео Мхар Лобридомен жоғары қарқында жекпе-жек өткізді.
Өте шиеліністі өткен айқастың тағдыры шешуші раундта шешіліп, отандасымыз қарсыласын нокдаунға жіберді.
Дәл осы сәт төрешілерге де әсер етіп, 5:0 есебімен Әділ жеңіске жетті.
Айта кетелік алты қазақстандық боксшы U19 Азия чемпионатының 1/4 финалына өткен еді.