Сәтқалиев АЭС алаңдары туралы: Шығыста — Курчатов, батыста МАЭК болмауы да мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев елімізде салынуы мүмкін АЭС-тердің орны туралы пікір білдірді. 

Адмасадам Сәтқаилев АЭС салынатын алаңдар туралы: Шығыста — Курчатов, батыста МАЭК болмауы да мүмкін
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

— Бұған дейін айтқанымыздай, Қазақстанда АЭС салуға өте қолайлы бірнеше алаң бар. Бұл — елдің солтүстік-шығысы, батысы және оңтүстігі. Шығыста Курчатов, Батыс қазақстанда әлі алаң анықталған жоқ. Тиісті зерттеулер жүргізіледі. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының аумағы бола ма, бас алаң бола ма, оны тиісті зерттеулер анықтайды. Мен оны айта алмаймын. Өйткені ереже бойынша үш алаң таңдалады да оны вендер анықтайды, — деді ол.

Агенттік басшысы алаң таңдау кезінде экологиялық зерттеулерге баса көңіл бөлінетінін айтады.

— Бұл өзі осындай стандартты тәжірибе. Инжинирингпен айналысатын, ғылыми зерттеумен айналысатын компанияларды жалдап, олар экологиялық зерттеулер жасайды, жергілікті орынның экологиялық талаптарға қаншалық сәйкес екенін тексереді. Осы алаңдардың ішінен ең тиімді дегені іріктеледі. Әлемде осындай жалпыға ортақ тәжірибе бар, — деді Алмасадам Сәтқалиев.

Бұған дейін «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директорының орынбасары Ринат Оқасов Қазақстанда алғашқы АЭС салумен айналысатын консорциум құру жұмыстары қандай сатыға жеткенін баяндаған болатын

Соңғы жаңалықтар