Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үміткерлерден біліктілік емтихандарын алуды жергілікті жерлерге беру керек - Әділет министрі Рашид Түсіпбеков

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үміткерлерден біліктілік емтихандарын алу үдерісін жергілікті жерлерге беру керек.
None
None

Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Рашид Түсіпбеков осылай мәлім етті.

«Адвокаттардың қызмет ақысын мемлекет есебінен төлеу жүйесінің тиімді болмай отырғанын мойындау керек. Бұл кеңестік кезеңнен бері ешқандай өзгеріске ұшырамаған жүйе десе болады. Бүгінгі күні әлі де айыпталушылардың тегін адвокаттық қызметтен бас тартуы көрініс тауып отыр. Оның үстіне, қазіргі күні алдын- ала тергеу барысындағы адвокаттың қызмет ақысының мөлшерін тергеуші анықтайды. Яғни, іс жүзінде адвокаттың процессуальдық оппоненті оның қызмет ақысын тағайындайтын болып отыр», - дейді Р. Түсіпбеков.

Министрдің айтуынша, бұндай жағдайда көбінесе азаматтардың құқы мен заңдық мүддесі бұзылып жатады. Осыған орай, аталған проблеманы оңтайлы шешу үшін министрдің айтуынша, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелерді ескеріп, арнайы заң жобасын қабылдау қажет.

«Бұдан бөлек, адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үміткерлерден біліктілік емтихандарын алу үдерісін жергілікті жерлерге беру керек. Бұл аталған мамандыққа қолжетімділікті арттыра түседі әрі әсіресе ауылдық жерлерде тапшылығы сезіліп отырған уақытта адвокаттардың санын да өсіруге жәрдемдеседі. Сондай-ақ, адвокаттыққа кандидаттар бұрынғыдай орталыққа келіп, емтихан тапсырмай-ақ уақыты мен қаражаттарын үнемдейтін болады», - дейді Р. Түсіпбеков.

Соңғы жаңалықтар