«Аджип ККО» компаниясын сотқа берді

АТЫРАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау мұнай және газ институтының оқытушысы, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Нажмедден Құрбанов «Аджип ККО» компаниясына қарсы сотқа талап-шағым берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атыраулық танымал геолог компанияны Каспий теңізі қайраңында тұз астындағы мұнай кеніштерін іздестіруде оның ерекше технологиясын заңсыз пайдваланып отыр деп айыптауда. Сотқа ұсынылған құжаттарда ғалым мұнай компаниясы Қашаған кенішін ол 90-жылдардың соңында неғұрлым перспективалы деген жерден бұрғылауды бастағанын дәлелдеуге тырысуда. Кейіннен сол жерден шынында мұнай табылған. Геолог өзінің наразылығын 115 миллион долларға бағалап отыр. «Аджип ККО» Каспий қайраңынан мұнай іздестіруде Ресейде патенттелген Құрбановтың технологиясын пайдаланғанын жоққа шығаруда.
Соңғы жаңалықтар