«Аджип ККО» компаниясында 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады - Премьер-Министр

АТЫРАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/- Атырау облысында сапармен жүрген Премьер-Министр Кәрім Мәсімов қаржы және экономикалық дағдарыстың теріс салдарын жеңу бойынша жергілікті атқарушы билік қабылдап жатқан шаралар сөз болған кеңеске қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімі Бергей Рысқалиев, облыста барлық ірі отандық, бірлескен және шетелдік компаниялармен меморандумдарға қол қойылғанын мәлім етті. Бұл құжаттарға қол қойған жұмыс берушілер, жұмысшыларды қысқартуға жол бермеуге бар күш-жігерлерін салуға кепілдік берді. Егер де қызметкерлерді жұмыстан босату қажеттілігі туындаған жағдайда, компаниялар оларды қайта оқытуға жіберетін болды. «Аджип ККО» компаниясымен жасалған келісім бойынша, ақпан айынан бастап қызметкерлердің бір бөлігі жұмыстың вахталық әдісіне ауыстырылатын болды. Бұл шара қосымша 7,5 мыңдай жұмысшылар мен мамандарды, бірінші кезекте Теңіздегі ТШО екінші буын зауытының құрылысындағыларды компания нысандарында жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы «Аджип ККО» компаниясының мердігерлік ұйымдарында жұмыстың вахталық әдісін қысқа мерзімнің ішінде ұйымдастыру туралы тапсырма берді. Жұмысшылар ақпанның 10-ынан бастап вахталар бойынша жұмысқа кірісулері керек.
Соңғы жаңалықтар