АЭФ аясында 73 ірі шара өткізілді - С.Нөгербеков

«Осы үш күннің ішінде біздің форум аясында 73 ірі шара өтіп, көптеген мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Әсіресе G-20-лыққа Ресейдің төрағалығымен өткен аутрич іс-шараларын ерекше атап өткім келеді. Ол жемісті өткізілді. G-20-лық үшін қарар жобасы қабылданды», - деді ол.
С.Нөгербековтің атап өтуінше, сонымен қатар бүгін Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның қорытынды құжаты қабылданды. Жалпы, форум жұмысына 132 мемлекеттен 10 мыңнан астам адам қатысты. Шара аясында өткен барлық дөңгелек үстелдерде 2014 жылы елордада өтетін форумның бағдарламасына енетін тақырыптар нақты белгіленді.
«Ендігі уақытта жыл бойы «G-Global» коммуникативті алаңында 6-шы Астана экономикалық форумының шаралары мен тақырыптары кеңінен талқыланатын болады. Яғни, 7-ші Астана экономикалық форумы мен «G-Global» коммуникативті алаңына ықпалдасу жүргізіледі», - деді С.Нөгербеков.