АЭФ: Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның декларациясы қабылданды

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - VI Астана экономикалық форумының аясында өткен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның декларациясы қабылданды.
None
None

«Дағдарысқа қарсы бұл конференция дер уақытында өткізілген шара. Конференция барысындағы біздің пікірлеріміз бен ұсыныстарымыз экономикалық дағдарысқа қатысты көптеген сұрақтардың жауабы десек те болады. Бұл конференция жаһандық дағдарыстан құтылуда өз септігін тигізеді. Бүгін қабылданған декларация шын мәнінде де өте өзекті», - деп атап өтті аталған құжатқа қол қою барысында БҰҰ Бас хатшысының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары У Хунбо.

Оның атап өтуінше, Астана декларациясы «мыңжылдық» мақсаттарын жүзеге асыруға тың серпін беретін болады.

«Қазақстан Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция өткізу әрі жаһандық және аймақтық деңгейдегі бастамаларды шоғырландыру, дағдарысқа қарсы тұру жолдарын әзірлеу арқылы әлемдік деңгейдегі орнықты дамуға өз үлесін қосты. Қонақжай қазақ еліне тағы да алғысымды білдіргім келеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар