АЭС жобасы: отандық өндірісті қолдауға бағытталған кешенді жоспар таныстырылды

АСТАНА.KAZINFORM — Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Үкіметпен бірлесіп АЭС салу кезіндегі оқшаулауды дамытуға арналған Кешенді жоспар жобасы бойынша жұмысты бастады.

АЭС жобасы: отандық өндірісті қолдауға бағытталған кешенді жоспар таныстырылды
Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде бірінші атом электр станциясының құрылысы аясындағы өндірісті оқшаулау мәселелеріне арналған кеңес өтті. Талқылаудың негізгі өзегі — отандық кәсіпорындардың жобаға қатысуы, технологиялар трансферті, жергілікті өнеркәсіпті қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру.

Аталған кеңесте АЭС құрылысы барысында шығындардың едәуір бөлігі қосалқы инфрақұрылымға, инженерлік жүйелерге, материалдар мен сервистердіңкең ауқымына бағытталатыны атап өтілді. Бұл қазақстандық өндірушілер мен мердігерлерді кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Негізгі міндеттердің қатарында өнеркәсіптік кәсіпорындарды атом саласының талаптарына дайындау, технологиялар трансферін ұйымдастыру, жергілікті өндірістік қуаттарды дамыту және тұрақтыжұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

Маңызды шешімдердің бірі атом энергетикасы саласы үшін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерінің арнайы тізілімін құру болмақ. Ол рәсімдердің ашықтығын, сапаны бақылауды және жобаға қатысуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Арнайы тізілімді жүргізу үшін жеткізілімдердің ашықтығын, жеделдігін, сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін цифрлық платформа әзірлеу жоспарланып отыр.

Кеңес барысында АЭС құрылысы кезінде оқшаулауды дамытудың Кешенді жоспары жобасының негізгі элементтері таныстырылды. Онда ағымдағы жағдайға талдау, оқшаулаудың перспективалық бағыттары, өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру тетіктері және мемлекеттік қолдау шаралары қамтылған.

— Біз тек білікті және сенімді қызмет көрсетушілерді тартуға мүмкіндік беретін жүйе қалыптастырып жатырмыз — бұл атом жобаларының қауіпсіздігі мен тиімділігінің негізі. Кешенді жоспарды іске асыру отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының едәуір бөлігін жаңғыртуға, бірнеше жүздеген қазақстандық компанияны жеткізілім тізбегіне тартуға мықты база қалыптастыруға және жаңа өндірістердің ашылуына мүмкіндік береді. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және өңірлік инфрақұрылымның жақсаруына серпін береді, — деді агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Кеңес қорытындысы бойынша өнеркәсіп пен құрылыс секторының жағдайына терең талдау жүргізу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік органдарға ұсынылған Кешенді жоспар жобасын қарастырып, өз ұсыныстарын енгізу тапсырылды. Бұған қоса жеткізушілер тізілімін құру және оның жұмысынқамтамасыз ететін цифрлық платформаны іске қосу жұмыстары жалғасатын болады.

Айта кетелік АЭС атауы конкурсының жеңімпаздары авторлық сертификаттарға ие болады

Соңғы жаңалықтар