Афиныда болған қақтығыста 16 полицей мен наразылық акциясына қатысушы 5 адам жараланды
Анархистер банктер мен дүкендердің витриналарын сындырып, екі автокөлікті зақымдады, қаланың орталық көшелеріндегі қоқыс салынатын жәшіктерге өрт қойды.
Арнаулы жасақтарға жанатын қоспа құйылған шөлмектер мен тастар лақтырылды, полицейлер оларға көзден жас шығаратын газ қолданды.
Полиция хабарлауынша, Афиныдағы тәртіпсіздіктер барысында 134 адам, ал осындай қақтығыстар орын алған Салоникиде тағы 80 адам тұтқындалды.
Афиныда шерушілер Афины университетінің ғимаратын басып алған, грек жалауын түсіріп, оның орнына анархистердің қара-қызыл түсті туын көтерген. Ғимаратты басып алу кезінде бұзақылар университет ректорын соққыға жыққан, ол жан сақтау бөлімінде жатыр. Оқу орнының күзетшісі де зардап шегіп отыр.