Афиза Семғалиева БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасын басқарады
ОРАЛ. KAZINFORM — БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып Афиза Семғалиева тағайындалды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, А.Семғалиева 1986 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. М.Өтемісов атындағы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін әдебиеттану, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының жалпы мәселелер бойынша көмекшісі болып бастаған.
Әр жылдары «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің жастар саясатын жүзеге асыру бойынша консультанты, сайлауалды тұғырнаманы іске асыру және бақылау бөлімінің консультанты, персоналды басқару бойынша консультанты, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау жөніндегі инспекторы болып еңбек етті.
Қазіргі лауазымға дейін «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аслан Тапишевтің БҚО дін істері басқармасының басшысы болғанын жазған едік.