15:23, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Африка өз тәуелсіздігінің 50 жылдығын тойлауда
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Бүгін Африканың азаттық күні. 1963 жылы Эфиопия астанасы Аддис-Абебада болып өткен Африка елдері басшыларының І конференциясында Африка елдерінің бірлігі ұйымы құрылып, БҰҰ-ның шешімімен бұл күн Африканың азаттық күні деп жарияланған болатын. Биыл бұл атаулы күнге ерекше назар аударылуда, себебі Қара құрлықтың тәуелсіздік алғанына 50 жыл толып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Әрине, барлық африкалық елдер бірдей тәуелсіздік алған жоқ, бірақ та 1960 жылы дәл осы күні 17 мемлекет: Камерун, Того, Мадагаскар, Конго Республикасы, Бенин, Буркина-Фасо, Кот-д'Ивуар, Чад, Орталық Африка Республикасы, Габон, Мавритания, Нигер, Сенегал, Мали, Нигерия, Конго Демократиялық Республикасы және Сомали елдері егемендіктерін жария етіп, өз даму жолдарына түсті.