«Агата» тропикалық дауылының салдарынан 19 адам құрбан болды
«Агата» тропикалық дауылы сенбі күні Тынық мұхитта Гватемала жағалауында пайда болған, дауылға ілескен желдің жылдамдығы жексенбі күні 80 шақырым/сағатқа дейін жеткен.
Жексенбі күні Гватемала президенті Альваро Колом, апат салдарынан 13 адамның құрбан болғанын, олардың қатарында 4 баланың бар екенін мәлім етті. Тағы 24 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Өкімет елдің 74,5 мыңға жуық тұрғынын қауіпсіз жерге көшіріп отыр.
Ал Сальвадорда табиғат апаты 6 адамның өмірін қиған, екі адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Гондурастың тИЕМПО газетінің сайтында жарияланғандай, Мексиканың оңтүстік-шығысында қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланып отыр. Ал Гватемаламен шекаралас Чьяпас штатында халыққа дауылдың келе жатқаны туралы ескерту жасалды.
Дегенмен, АҚШ-тың Мұхиттану және атмосфера бойынша ұлттық басқармасының мамандары, 2010 жылы Тынық мұхиттағы дауылдар маусымы әдеттегіден тыныштау болатынын болжап отыр.