Агенттік департаменті наурызда сыйлық алатын шенеуніктерге ескерту жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айы мереке күндеріне толы. Осыған орай ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері шенеуніктерге тұрғындар тарапынан көрсетілетін сый-сияпаттарға «сақ болуды» ескертеді, деп жазады Altaynews. 
None
None

Департаменттің Әдеп кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтарды қабылдау мәселесі көтерілді.

Жаңа жыл мерекесі  қарсаңында департамент мамандары Өскемен, Семей қалаларының бірқатар басқармаларында, Комитет пен Агенттіктердің  облыстық департаменттерінде, Ұлан, Глубокое ауданының бөлімдерінде рейд жүргізген болатын. Соның нәтижесінде  К.Либкнехт көшесі, 19 ғимаратына тәтті сыйлықтар алып кіру фактілері әшкереленген-ді. Қазақстан көшесі, 59/1 ғимаратында орналасқан мемлекеттік органдарға да жеміс-жидектерге толған кәрзеңкелерді, қымбаттық спиртті ішімдіктерді кіргізудің жолы кесілген болатын. Сыйлықтарды әкелгендер негізінен осы органдардың бөлімдерінің қызметкерлері мен басқа да тұлғалар екені анықталған. Өскемен қаласының мемлекеттік органдары орналасқан Қазақстан көшесі, 27 үйден де «ВК Техногрупп» ЖШС сыйлаған жоғарыдағыдай сыйлықтарды шығару фактісі тіркелген.

Одан ары қарай осы шараның аясында басшылар мен олардың орынбасарларының кабинеттерінен сувенир сыйлықтар табылды.

Отырысқа арнайы шақырылған облыстық мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру департаментінің бірінші басшысы Илдар Хасенов шенеуніктерге сыйланған сыйлықтарды мемлекеттік қорға өткізудің тәртібімен таныстырды.

ҚР-ның әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодексінің 676-бабына сәйкес, жеке тұлғалар мемлекеттік қызметшілерге сый-сияпат көрсеткен болса, сыйлық берушіге 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.   Осы Кодекстің 677-бабында шенеуніктің  өз қолымен немесе делдал арқылы сыйлық алғаны дәлелденсе, оған 600 АЕК көлемінде айыппұл салынатыны көрсетілген.

Егер жеке мемлекеттік қызметшіні немесе мемлекеттік органның жұмысын атап өткісі келгендер болса, олар сол органның ресми сайттарында өз алғыстарын қалдыруына болады.

Соңғы жаңалықтар