Агенттік тапсырылатын тұрғын үй нысандарының сапасын қадағалауды өзіне қайтаруға ниетті

Бұл туралы бүгін Астанада аталған агенттіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй саясаты департаментінің директоры Василий Маслов айтты.
Оның сөзіне қарағанда, 2005 жылғы қаңтардан бастап пайдалануға тапсырылатын тұрғын үйлердің сапасын қадағалау мәселелері жергілікті атқару органдарының қарауына берілді.
«Яғни, нысанды қабылдау кезінде сапаны әкімдіктер қамтамасыз етеді. Алайда біз қазір заңнамаға әкімдіктер мен жергілікті мемлекеттік сәулеттік-құрылыстық бақылау органдарының қабылдаған шешімінің заңнамаға сәйкестігін тексеру бойынша біздің агентікке тиісті қызметті жүктейтін нормаларды енгіздік»,- деді С. Нокин.
Оның сөзіне қарағанда, қажет болған жағдайларда тұрғын үйді пайдалануға беру шешімін жоққа шығаруға агенттік қауқарлы болмақ.