Агенттіктің 105 жылдығы: «Қазақстан тарихы Kazinform фотосуреттерінде» атты көрме ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Қазақстан тарихы Kazinform фотосуреттерінде» атты көрме ашылды. Бұл шара Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің 105 жылдығына орай өткізіліп жатыр.

Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Көрмеде 1930 жылдардан бүгінгі күнге дейінгі қоғам мен мемлекет өмірінен сыр шертетін маңызды оқиғалар жайлы агенттік тілшілерінің бірегей фотомұрағаты, эксклюзивті фотосуреттері ұсынылған.

Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Кей кадрлар бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған.

Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Олар ел тарихындағы бетбұрыс кезеңдерінің құнды ескерткіші саналады.

Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Көрме алты бөлімнен тұрады: 1928-1959 жылдардағы Қазақстан және Екінші дүниежүзілік соғыс кезі; 1960-1985 жылдардағы ірі құрылыс жобалары, қалалар мен өңірлердің экономикалық дамуы; Алматы мен Астананың соңғы 40 жылдағы шежіресі; жеке блок әлеуметтік-мәдени қайта құруларға арналған. Сондай-ақ мемлекеттің дамуына үлес қосқан көрнекті қазақстандықтардың портреттерін тамашалауға болады.

Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Экспозицияда ұжымдастыру мен индустрияландырудың, Екінші дүниежүзілік соғыстың тауқыметін бастан кешірген, соғыстан кейінгі кезеңде өмір сүрген, тың жерлерді игерген, «ғасыр құрылысына» қатысқан, Тәуелсіздік таңын атырған қазақстандықтардың өмірі көрсетіледі, — деп түсіндірді Kazinform агенттігінің басқарушы директоры Нағашыбек Алдан.

Нағашыбек Алдан
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Өз кезегінде MEGA Silk Way сауда орталығының директоры Қуат Әкімбаев Kazinform агенттігімен бірлескен жобаның маңыздылығын атап өтті.

Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

— Бірегей фотосуреттер еліміздің тарихына терең бойлауға, белгісіз қаһармандар, оқиғалар мен фактілер туралы баяндайтын эксклюзивті кадрларды көруге мүмкіндік береді. Соның ішінде Қазақстанның символына айналған Алматы мен Астананың көрнекті нысандары қалай бой көтергенін бейнелейтін суреттер де бар. Мысалы, MEGA Silk Way салынғанға дейін бұл жер қандай болғанын көпшілік біле бермейді. MEGA сауда орталықтары еліміздің ірі қалаларының ландшафтын өзгертіп, көптеген ауданның дамуына серпін берді, — деді Қуат Әкімбаев.

Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Көрмеге барлығы 188 фотосурет қойылған. Фотокөрме 31 тамызға дейін жалғасады.

Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform
Kazinform-105: фотокөрме
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Еске салсақ, 13 тамызда еліміздегі ең көне медиаресурстарының бірі — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл толды. Мерейтой аясында агенттіктің продюсері Қаламқас Әбуова, басқарушы директор Нағашыбек Алдан және халықаралық жаңалықтар қызметінің жетекшісі Жұлдыз Атагелдиева агенттіктің дамуы, медиакеңістіктегі рөлі мен алдағы жоспары жайлы көзқарастарын айтып берді.

Соңғы жаңалықтар