Аграршыларға Жолдау жүктеп отырған міндеттер талқыланды - Павлодар облысы
деп атап көрсетті Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімі Владимир Левченко ауыл кәсіпкерлерімен болған кездесуде. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында аграршылардың алдына осындай міндет қойып отыр.
Қарапайым жабдықтардан қосымша құны жоғары өнімдер шығаратын шағын зауыттар құруға ауысу керек.
Ертістіктер ағымдағы жылы тәулігіне 20 тонна сүт өңдейтін және өнімнің 8 түрін шығаратын зауытты іске қосқалы отыр. Тәулігіне 10 тонна май тартатын заманауи өндіріс те құрылады.
Ал «Солтанбет» шаруа қожалығының шағын ет комбинаты аудандық қасапхана қосыны болып құрылады, селолық округтерде қаспаханалар ашылады. Мүшеленген еттер вакуумдық орамға салынады, бұл шара өнімді Кеден одағы елдерінде сатуға мүмкіндік беретін болады. Дәл осы шаруашылықта жарма жақылдарына арналған диірмен іске қосылмақ.
Оған қоса, «Ертіс» тәжірибелік шаруашылығында сервистік-дайындау орталығы ашылғалы отыр. Бұл орталық шаруаларға егісті өңдеуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін жинауға және оларды өткізуге көмектесетін болады, мамандарды заманауи техникаларда жұмыс істеуге үйретеді.