Агроөндірістік кешеннің инвестициялық жобаларын таңдау жөніндегі қоғамдық комиссия кезекті отырысын өткізді

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада Қазақстан Республикасының Агроөндірістік кешенінің  инвестициялық жобаларын таңдау жөніндегі қоғамдық комиссия бүгін кезекті отырысын өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Журналистермен отырыста қаралып жатқан мәселелер жөнінде сұхбаттасқан қоғамдық комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Рауан Шаекиннің айтуынша, дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында көкөніс сақтайтын қоймалардың желісі, құс фабрикаларын салу сияқты өзге де бірқатар шараларға ұлттық қордан 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінген. «Осыған қарай аталмыш қаржының жұмсалуын бақылайтын арнайы қоғамдық комиссия құрылып, оның құрамына бизнес құрылымдары мен ғылыми одақ мүшелері, ауыл шаруашылығы министрлігі мен Парламент депутаттары және өзге де бірқатар органдардың өкілдері енді», деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекет қаржысын игеру жұмысы негізгі 4 түрлі деңгей бойынша жүзеге асады. Алдымен заемшылардан  арнайы ұсыныс түседі. Бүгінгі күнге дейін комиссия қарауына құны 271 007 миллион теңгені құрайтын 212 ұсыныс келіп түскен. Бұл ұсыныстарды несие комитеті мен жұмыс тобы саралап шығып, олардың тиімді, тиімсіз жақтарының барлығын қоғамдық комиссияның алдында талдап береді. Бұдан соң жобаның барлығы «ҚазАгро» холдингіне ұсынылады.

Қоғамдық комиссияның бүгінгі отырысында 2 421,6 миллион теңгені құрайтын «Агроинтерқұс» ЖШС-нің және құны 24,6 милион теңге болатын «Эльдар» қаржы холдингі мен 247,9 миллион теңгелік «Атырау Агросервис» ЖШС-ның жобалары қаралды.

Соңғы жаңалықтар