Ағылшын сарапшысы Джонатан Эйткен: Қазақстан - Орталық Азия елдері арасында бірден бір сенімді ойыншы

ДОН. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Бэла Құдайбергенова/ - Қазақстан - Еуропадағы стратегиялық саяси және коммерциялық шешімдер қабылдауға айтарлықтай ықпал етуге қабілетті Орталық Азия елдері арасындағы бірден бір сенімді ойыншы.
None
None

 Бұл жөнінде ағылшын сарапшысы Джонатан Эйткен мәлімдеді.

Джонатан Эйткен - Ұлыбритания Министрлер Кабинетінің және Парламентінің бұрынғы мүшесі, 12 кітаптың авторы, олардың ішінде американдық президент Никсонның және ҚР Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяндары бар.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан Республикасының алдағы уақытта ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстанның жаңа тарихының тың беттері басталатын өзіндік шекара болмақшы.

«Мәртебелі халықаралық ұйымға төрағалық ету ел үшін өзіндік жаһандық емтихан болмақшы және өте ауқымды жұмыстарды талап етеді», - деп мәлімдеді Джонатан Эйткен.

Соңғы жаңалықтар