Ағылшын тілі мұғалімдері мен инженерлерді даярлауға ерекше мән беріледі - Халықаралық бағдарламалар орталығы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Болашақ» стипендиясы бойынша іріктеу күшейтілді. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысынан кейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлім етті.

«Маңызды бағыттардың бірі «Болашақ» стипендиясының сапасы мен тиімділігін арттыруға арналған. Бұл тұрғыда бірқатар шаралар қабылданып, іріктеу талаптары күшейтілді. Шет тілін білу деңгейіне, дипломның орташа балына, жұмыс өтіліне қатысты талаптар күшейді. Бұның барлығы іріктеу үдерісін сапалы жүргізуге,ең дарынды жастарды анықтауға негізделген»,-деп тоқталды Ғ. Нығыметов.
Оның сөзіне қарағанда, осы жылдан бастап тағылымдамалардың моделі өзгерді.
«Егер де бұрын тағылымдама жалпы болса, қазір тек мақсатты түрде «100 нақты қадамда» көрсетілген жоспарларға арналады. Соның ішінде ағылшын тілі мұғалімдерін, медициналық мамандарды, сот жүйесіндегі кадрларды даярлау, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығына білікті мамандарды даярлау бағыттарын біздің тағылымдама бағдарламамыз толықтай қамтитын болады»,-деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті.
Бұл ретте Ғ. Нығыметов жақын арада үш тілді жүйесіне енгізу үшін ағылшын тілінің 500 мұғалімін даярлау көзделгенін атап өтті. Сондықтан да тағылымдама бағдарламасы бойынша мұғалімдер оқуға жіберіледі.
Мұнымен қоса, индустрияландыру үшін, инновациялық экономикаға инженерлік-техникалық мамандар қажет болғандықтан, магистратураға инженерлік-техникалық қызметкердің жаңа санаты енгізілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram