Ағылшын тіліндегі «Аманай мен Заманай» повесінің тұсауы кесілді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің Лондонда ағылшын тіліне аударылып, жарыққа шыққан «Аманай мен Заманай» повесінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін қазақ әдебиетінің қаймақтары Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеевтің еңбектері ағылшын тіліне аударылса, енді міне, Сәкен сері Жүнісовтің қаламынан туған тамаша шығарма төрткүл дүниеге жол тартып отыр.

Шараға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысып, сөз сөйледі.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында қойылған міндеттер үдесінен шығу үшін шаруаны сәтімен сабақтап жатырмыз. Осының алдында академик-жазушы Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдығын халықаралық қазақ ПЕН-клубы арқылы жарыққа шығарған едік. Бүгінгі қуаныш соның сәтті жалғасы», - деді М.Мырзалин.
null 

Сәкен серіні ағылшын тілінде сөйлетуге зор үлес қосқан халықаралық қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин өз сөзінде аударма мәселесіне тоқталды. Сонымен қатар, Сәкен сері арқылы қазақ әдебиетінің кесек туындысының кемел бейнесін жарты әлемнің жұртшылығы танып білетіндігі де сөз болды.
null 

 Сәкен сері Жүнісовтің «Аманай мен Заманай» повесінің қазақ прозасындағы орны ерекше.  Туындыда жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарындағы ел ішіндегі ахуал, сол бір «тар жол, тайғақ кешу» заманда туған топырағынан үдере көшкен қалың қазақтың зар-мұңы сипатталған. Басқа түскен тағдыр тәлкегінен төрткүл дүниеге тарыдай шашылған бейкүнә адамдардың туған жерге деген сарытап сағынышы сөз болады.

Есімдері әлемге әйгілі Саймон Гейган, Саймон Холлингсворта тәрізді аудармашылар да шығармаға өзінің оң бағасын берген.

Соңғы жаңалықтар
telegram