Ағымдағы бюджеттің шығысын 159,6 млрд. теңгеге қысқарту ұсынылады - Е. Досаев

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы бюджеттің шығыс бөлігін 159,6 млрд теңгеге қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

Министрдің айтуынша, 2013 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы (трансферттер түсімдерін есепке алмағанда) 2013 жылдың бекітілген жоспарына қарағанда 226 млрд. 21 млн. теңгеге азая отырып, 3 трлн. 588 млрд. 297 млн. теңге сомасында айқындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер 231 млрд. 179 млн. теңгеге азайса, салыққа жатпайтын түсімдер 16 млрд. 9 млн. теңгеге ұлғайған және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 11 млрд. 750 млн. теңгеге азайды.

«2013 жылғы 6 трлн. 99 млрд. теңгені құрайтын республикалық бюджеттің шығыс бөлігінен 159,6 млрд. теңгеге шегеру жоспарланған. Бұл ретте бюджеттің шығысын 297,7 млрд теңгеге қысқарту, 200 млрд теңге шартты-қаржылық шығысты қоса алғанда, басым бағыттар мен бағдарламаларға қосымша бағытталған 138,1 млрд теңге, Ұлттық қордың мақсатты трансферттерінен 25,5 млрд теңге, 2012 жылы бюджеттен қалған 11,1 млрд қаржыға инвестжобаларды аяқтау секілді оңтайландыру жолымен қол жеткізіледі», дейді министр.

Бұдан бөлек, Үкімет ұсынған заң жобасына сәйкес, ағымдағы жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,5 пайызына тең болып, 870,6 млрд теңге шамасында жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар