17:22, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Ағымдағы жылдың 9 айында «Самұрық-Энерго» АҚ табысы 16 млн. теңгеге артты
АСТАНА. 7 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айында «Самұрық-Энерго» АҚ табысы 16 млн. теңгеге артты. Бұл туралы аталған компания баспасөз қызметінен хабарлады.

Нақты айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында компания 28 118 млрд. теңге көлемінде таза табыс алып отыр. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 16 993 млн. теңгеге немесе 153 пайызға артық.
Сонымен қатар компания аталған аралықта 20830 млн. кВт/сағат электр энергиясын өндірді. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда 10 806 млн. кВт сағатқа көп.