Ағымдағы жылдың аяғында «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбыры жобасын бастау жоспарлануда ? С. Мыңбаев

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылдың соңына таяу «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбыры жобасы қолға алынады деп жоспарлануда.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2009 жылы газ саласы бойынша бірқатар шаралар атқарылатын болады. Біріншіден, «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбыры жобасының жобалық-сметалық құжатын бітіру қажет. Бұл бағытта Қытай тарапымен келіссөзіміз ойлаған жерден шықса, біз жыл соңына таман жобаның құрылысын бастайтын боламыз. Сонымен бірге Каспий маңы газ құбыры келісімінің күшіне енуіне байланысты ішкі мемлекеттік үдерістерді де аяқтау қажет. Сондай-ақ ағымдағы жылы Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысын да қарқынды жалғастыратын боламыз», - деді Сауат Мыңбаев.
Соңғы жаңалықтар