Ағымдағы жылдың мамыр айында кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі өсті
АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Сауалнама барысында өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары ағымдағы жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың және өнеркәсіп көлемінің өсуін атап өттi. Бұл өз кезегінде олардың іскерлік белсенділігінің жоғарылағанын айғақтайды. Осы жайында ҚР Статистика агенттігінен хабарланды. Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсті және (+10)% құрады.
Жақын арада, яғни, 2013 жылғы тамызға дейiн, кәсіпорын басшылары көпшілігінің бағалауы бойынша iскерлiк белсенділіктің өсуі күтіледі.
2013 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың кемуі, сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, олардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне себеп болды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 1 пайыздық тармаққа кеміп, (+6)% құрады.