Ағымдағы жылдың он айында өнеркәсіп өнімінің өсімі 28,9 пайызды құрады - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысы бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айында 139,7 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген, өнім индексі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 128,9 пайызды құрап отыр.

Ағымдағы жылдың он айында өнеркәсіп өнімінің өсімі  28,9 пайызды құрады - Ақмола облысы

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректеріне сәйке, жыл ішінде тау-кен өнеркәсібі саласында өнім көлемі 1,9 есеге артып, 17 миллиард теңгеге жеткен. Өсім ең алдымен көмір өндіруді 3,2 есеге, түсті металл өндірісін -3,3 есеге, доломитті -1,8 есеге арттыру нәтижесінде іске асырылған. Өңдеу саласында өнім көлемі 98,4 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда өсім 24,6 пайыздық деңгейде қалыптасқан. Табыс металлургия, машина жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларын, құрылыс индустриясын өркендету нәтижесінде қамтамасыз етілді. Ортақ табыс «Степногор подшипник зауыты», «Қазақалтын» ТКК, «Алтын-Тау» акционерлік қоғамы мен «Джет-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындарының жоғары қайтарыммен жұмыс істеуінің мәуелі жемісі.