Ағымдағы жылы бюджет кірісі кемшін түсуі мүмкін

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қазан айының ортасында Министрлер кабинеті Парламентті кірістердің қысқаруына орай бюджеттің нақтыланғандығы туралы құлақтандырмақ.
None
None

Бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлім етті.

«Қазан айының ортасында Үкімет кірістердің қысқаруына орай бюджетті нақтылауға байланысты Парламентке баруды жоспарлауда. Біздің бағалауымызша, ағымдағы жылы бюджет кірістер бойынша орындалмайды. Негізінен олар табыс салығы мен қосылған құн салығы. Яғни, тау-кен саласындағы кәсіпорындардан салық түсімдерінің төмендеуі мен мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарғы қосылған құн салығын өтеуден толмайды. Сәйкесінше, шығыстарды түзеу қажет болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар