15:27, 16 Маусым 2010 | GMT +5
Ағымдағы жылы елімізде 15 жаңа элеватор бой көтермек
АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы елімізде 15 жаңа элеватор бой көтермек. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім болды.

Өткен жылы Қазақстанның негізгі астықты өңірлері болып есептелінетін солтүстік облыстарда жалпы қуаты 350 мың тоннадан асатын 14 жаңа элеватордың салынғанын атап өткен вице-министр «ағымдағы жылы жалпы қуаты 390 мың тоннаны құрайтын тағы 15 жаңа элеватордың құрылысы жоспарлаған», деді.
Оның атап өтуінше, бұл нысандар еліміздің астықты өңірлері, яғни солтүстік облыстарда бой көтермек.
Сонымен қатар А.Евниевтің айтуынша, жалпы елімізде 200-ге жуық элеватор болса, қазіргі уақытта соның жартысында өткен жылы жиналған астықтың 30 пайызы сақтаулы тұр. «Элеваторлардағы өткен жылғы өнімнің қалдығы 6,2 милион тоннаны, ал ауыл шаруашылығы өндірушілердің қолындағы астық 2,8 миллион тоннаны құрайды», деді ол өз сөзінде.