Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ағымдағы жылы медициналық техникаларға сервистік қызмет көрсету шаралары қабылданады

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы медициналық техникаларға сервистік қызмет көрсету шаралары қабылданады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова айтты.

Ағымдағы жылы медициналық техникаларға сервистік қызмет көрсету шаралары қабылданады

«Министрлік құрал-жабдықтардың бүлінуіне жол бермеу мақсатында медициналық техникаларды жоспарлау және сатып алу жүйесі менеджментін қайта қарастырды», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, нәтижесінде Үкімет қаулысымен құны 5 млн. теңгеге дейінгі соманы құрайтын құрал-жабдықты медициналық ұйым өз бетімен сатып ала алады. Ал құны 5 млн.-нан 50 млн. теңгеге дейін тұратын медицналық техника лизинг арқылы алынуы тиіс.

«Ағымдағы жылы біздер медициналық техникаларға сервистік қызмет көрсетулерді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдайтын боламыз», - деді С.Қайырбекова.