Ахат Күленов ? Қазақстанның «алтын адамы»

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Ахат Сәлемхатұлы Күленовтің есімі мәңгілікке алтын әріппен біздің елімізде ғана жазылып қойған жоқ, сонымен қатар ол шет елдерге де кеңінен танымал тұлға. Аты аңызға айналған қазақстандық инженер-металлург, өзі жетекшілік ететін инженерлік шығармашылық топпен бірлесе отырып, құрамында қорғасын қоры мол шикізатты өңдеудің әлемде
None
None
теңдесі жоқ жаңа әдісін игерді және оны тәжірибеге қосқаны үшін, ол көзі тірісінде жоғары технологияның әлемдік авторларының қатарынан өзіне ойып тұрып орын алған еді. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты мен Түсті металдардың бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының (ТМБҒЗИ) тәжірибе алаңынан бастау алған атақты «КИВЦЕТ-үрдіс» жобасы еуропалық металлургтердің кең қолдауына ие болды да, өткен ғасырдың 80-ші жылдары Ахат Күленовке әлемдік атақ алып келді. Ахат Сәлемхатұлы Күленов - өндірістік қалдықтардың өзінен сирек кездесетін металдар өндірісін бірден-бір ұйымдастырушы. Полиметалды шикізаттарды пайдаланудың кешенділігін арттыруды қамтамасыз ететін, жоғары тиімді сығындылықты жасағаны және оны өндіріске енгізгені үшін, оған 1985 жылы КСРО-ның Мемлекеттік сыйлығы берілді.Ол, ҚР Инженерлік ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнертапқышы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 36 өнертапқыштық ұсыныстың, 95 жаңалықтың және 130 ғылыми жұмыстың авторы.Отан алдындағы сіңірген еңбегінің нәтижесінде оған - 1994 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының басшысына Қазақстан Республикасының ең жоғары атағы - «Халық қаһарманы» атағы беріліп, өңіріне Алтын жұлдыз тағылды.А.Күленов 1932 жылғы сәуірде дүниеге келіп, жарқын да, қиын әрі ұлағатты ғұмыр кешті, оның соңында өшпес істері қалды. Ахат Күленов 2007 жылғы сәуірдің 18-де өзінің 75 жылдығын атап өтіп, 2007 жылғы сәуірдің 27-де өмірден өтіп кетті. Ол, соңғы демі біткенше өз мамандығына адал болды.Қазақ тау-кен институтын бітіре салысымен, 1956 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына келген ол, өз өмірінің 40 жылын металлургия саласына арнаса, соңғы он жылда (зауыттан тыс) А.Күленов жаңа гидрометаллургия кешенін салып үлгерді, сонымен қатар, бактериялар көмегімен табанды кеннен алтынды биологиялық тәсілмен айырудың жаңа технологиясын енгізді.Осыдан тура жарты ғасыр бұрын, Қаскелең балалар үйінің тәрбиеленушісі, 1937 жылы қуғын-сүргінге іліккен республикалық халық комиссары орынбасарының ұлы Ахат Күленов металлургия саласына келді. Ол Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына қарапайым жұмысшыдан еңбек жолын бастап, бас инженер, одан кейін комбинат директорлығына дейінгі сатыларға жетті. А.Күленов 1971 жылы комбинаттың бас инженері, 1981 жылы ? директоры, ал, 1992 жылы «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты» АҚ-ның президенті болып тағайындалды. Жас тәуелсіз Қазақстанның алғашқы құйма алтынының 1992 жылғы қаңтардың 27-де Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында құйылғандығын көпшіліктің біле бермеуі мүмкін. Бұл А.Күленовтің комбинат жұмыссшыларымен бірлесе отырып, жүзеге асырған асыл мұраты болды.2007 жылы Республика күні мерекесіне байланысты материал дайындау барысында менің соңғы кездесуім есіме түсіп отыр, сонда А.Күленов тәуелсіз қазақстандық алтынның «бастауы» туралы былай деп әңгімелеген еді.«Бәрі де тәжірибе түрінде құйылған, алақандай ғана «құйма» алтыннан басталды», - дейді А.Күленов. ? Содан кейін шамамен жарты жылдай уақыт өтіп, Нұрсұлтан Әбішұлы бізге келгенде, жоғары сапалы ? төрт тоғыздықпен таңбаланған, әр қайсысы 12,5 килә болатын құйма алтындарды көрсеттік. Белгілі уақыт өтіп, барлық сынақ түрі мен өндіру тұрақтылығын Лондондық биржа тексерістен өткізген соң, комбинат бірден алтын және күміс құймаларын жасауға рұқсат алды. Өскемендіктер А.Күленовті осы аймақтың Құрметті азаматы атанғандықтан емес, оның өшпес ісіне байланысты үнемі есте сақтайтын болады. Сол жақ жағалаудың көрікті жеріне орналасқан Металлург кенті, ресми атауы бола тұра «Күленов кенті» деп аталып жүр. Оның «стратегиялық» ойлау қабілетінің арқасында зауыттықтардың баспана мәселесі стандарттық емес жолмен шешіліп отырды. Оның мәнісі мынадай, комбинат тұрғын үй салушыларға құрылыс материалдарын өзіндік құнымен босатып берсе, болашақ баспана иелерінен жасақталған құрылыс бригадасының мүшелері, жұмыстан тыс уақыттары өздеріне үй тұрғызды. Халықтың зор ықыласына ие болған Ахат Күленов бірнеше мәрте КСРО және ҚазКСР-ының, одан кейін ҚР Парламенті Сенаты депутаты болып сайланды.Ахат Сәлемхатұлы Күленовтің есімі Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылды.
Соңғы жаңалықтар