АХҚО аумағында заңды тұлғаларды құру және тіркеу мәселелері қарастырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің басшылығымен Үкімет жанынан құрылған консультативті-кеңесші орган - «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жиында АХҚО қызметі үшін маңызды мәселелер қарастырылып, қолдауға ие болды, оның ішінде АХҚО аумағында заңды тұлғаларды құру және тіркеу, АХҚО шетелдік қызметкерлерінің елге кіру және жергілікті нарыққа енуі үшін қолайлы жағдай жасауға арналған арнайы мамандандырылған орталық «АХҚО Экспат орталығын» құру мәселелері бар.

Комиссияның отырысын ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.
Жиынға ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов, АХҚО басқарушысы Қ.Келімбетов және министрліктер, Астана қаласы әкімшілігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар