Ахмадинежад Иранға уранды сақтау мүмкіндігін беру туралы Түркияның бастамасына қолдау білдірді
АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Махмұд Ахмадинежад төмен байытылған уранды өз аумағында сақтау мүмкіндігін беруге ұсыныс жасаған Түркияның бастамасына қолдау білдірді,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
«Түркия бізге достас ел, сондықтан да ол осы мәселеде оң және сындарлы роль атқара алады», деп атап көрсетті Махмұд Ахмадинежад Теграндағы хабардар дереккөздердің мәліметтері бойынша.
Иран президенті, «ядролық бағдарлама бойынша таласта Тегранның ешқандай жеңіліске бармайтынын» және «бұл проблема бойынша тек МАГАТЭ-мен ғана келіссөз жүргізетінін» тағы да қуаттады.