Ахмадинежад Обамамен кездесуге әзір екенін мәлім етті
Бұл туралы Ахмадинежад дүйсенбі күні Тегранда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.
Ол сондай-ақ, халықаралық қатынастардың негізі өзгертілуі керек деп атап өтті. «Қазіргі жағдай солай, екі-үш ел бірігіп бүкіл әлемнің тағдырын шеше алмайды. Әділдік қағидасына үстірт қарап, бірде-бір халықаралық проблеманы шешу мүмкін емес», - деді Иран Президенті.
Тегран әлемдік қоғамдастыққа адамгершілік пен имандылық қағидаларын ұстануды ұсынды, деді Ахмадинежад. Оның айтуынша, Иран әлемдік арағайындар алтылығымен ядролық проблемалар бойынша әділ диалогқа дайын.
Бұл - Ахмадинежадтың жаңа министрлер кабинеті жасақталғаннан кейінгі алғашқы баспасөз мәслихаты.