Ахметов ісі бойынша куәгер Қарағанды индустриалды паркінің құжатына жалған қол қойылғанын мәлім етті

Д.Смагин Қарағанды индустриалды паркінің аумағында инфрақұрылымдық нысандарды тұрғызу барысындағы жымқыру оқиғасы бойынша сөйледі. Оның айтуынша, «ҚазГерҚұрылыс» ЖШС бас мердігерінен парк аумағында тұрғызылуы тиіс тазарту ғимаратына жабдықтарды ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынысы жасалған хат келген. «Хат индустриалды паркке жобада бекітілген технологияларды ауыстыру мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен келді, яғни «Eco treatment systems» ЖШС (тартылған мердігер ұйымдардың бірі) ұсынған технологияға ауыстыру ұсынылды», - деді Д.Смагин. Оның сөзіне қарағанда, «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркіндегі ЖШС жабдықты ауыстыру мүмкіндігін қарастыру үшін өтінімді бас жобалаушыға бағыттады. Аталған хатты жолдауды аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры Анатолий Эссе тапсырған көрінеді. Бұдан кейін жобаның бас жобалаушысы «Сәулет» ЖШС жауап ретінде жіберген хатта өтініш бойынша көптеген сәйкессіздіктер бар екенін, ақпарат аз екенін, сондай-ақ жабдықтарды ауыстыру мүмкін емес деп пайымдайтынын атап өткен. Сонымен қатар олар жабдықтарды ауыстыру үшін негіз таппағандығын, құралдарды орнату жұмыстарын бекітілген жобаға сәйкес жүргізу керектігін түсіндірген. Теріс жауап алғанымен, оған қарамастан жабдықтарды ауыстыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар 2011 жылдағы 22 желтоқсандағы кеңес барысы туралы «Металлургия-Металл өңдеу» индустриялық паркі ЖШС-ның тиісті хаттамасы жасалып, онда Д.Смагин сараптамалық бөлімнің сарапшысы ретінде көрсетіліп, осы хаттамада оның қолы көрсетілген. «Бұл хаттаманы мен алғаш рет тергеу амалдары кезінде көрдім. Осы кеңеске қатысқан емеспін, хаттамаға да қол қойған жоқпын», - деді Д.Смагин. Куәгердің түсініктеріне дәлел ретінде жазуды танып айыратын сараптаманың қорытындысы ұсынылып, онда хаттамаға қойылған қол Смагиндікі емес екені және оны басқа адамның қойғандығы атап өтілген.