АИ-92/93 маркалы жанармай 117 теңгеге дейін өседі

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, ТМРА, Мұнай және газ министрлігі мен Экономика және бизнестік жоспарлау министрліктерінің бірлескен бұйрығы келесі аптада, нақтырақ айтсақ, 12 қазанда қабылданады деп жоспарлануда.
«Биылғы қаңтардан бастап мұнай өнімдерін ішкі қатынаста темір жолмен тасымалдау тарифтері орта есеппен 44%-ға көтерілді. Бұл ДСҰ, сондай-ақ Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде әзірленген Темір жол көлігі қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімнің талаптарына сәкес қатынас түрлері бойынша тарифтерді кезең-кезеңімен жүргізілген бірегейлендіруге байланысты», - деді А. Алпысбаев.
Сондай-ақ ол АИ-80 маркалы бензин мен дизельдік отын бағаларының өзгермейтінін атап өтті. «Ол МГМ деректеріне сәйкес өзімізде жеткілікті мөлшерде өндірілуіне байланысты болып отыр», - деді ТМРА төрағасының орынбасары.