Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аида Балаева ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аида  Балаева ҚР Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды

«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды», - делінген Ақорда сайтында.