Аида Балаева: Құқықтық жүйені жаңғырту — уақыт талабы

АСТАНА. KAZINFORM — Жаңа Ата заң халықтың сенімі мен мүддесіне негізделген қастерлі Отанымыздың басты тірегі болады. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.

Аида Балаева: Құқықтық жүйені жаңғырту — уақыт талабы
Фото: видеодан алынған скрин

— Біз қазір ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ бастық. Осыған орай құқықтық жүйені жаңғырту, негізгі қағидаттарды заманауи талаптарға сай нақтылау — уақыт талабы. Осы орайда, жаңа құжат ел бірлігін нығайтып, мемлекетіміздің тұрақты дамуына зор үлес қосары сөзсіз, — деді Аида Балаева.

Бұл тұрғыда ол Конституция тек құқықтық құжат қана емес, қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайтынын атап өтті.

— Сондықтан жаңа Ата заң халықтың сенімі мен мүддесіне негізделген қастерлі Отанымыздың басты тірегі болады деп сенемін, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Kazinform агенттігінің қазақ және орыс тіліндегі Telegram арнасында Конституциялық комиссия отырысынан мәтін трансляциясы болады

Соңғы жаңалықтар