09:35, 23 Ақпан 2023 | GMT +5
«Air Arabia» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Air Arabia» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Air Arabia» әуекомпаниясы Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбаған. Осыған байланысты компанияға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.