Air Astana әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайды
АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде аман қалған және қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайтынын хабарлады.
— Air Astana компаниялар тобы қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне авиабилеттер ұсынады, — делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Билеттер 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылатыны хабарланды.
— Жақын туыстарына ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады. Брондау кезінде туыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет, — деп хабарлады Air Astana.
Билеттерді рәсімдеу үшін компаниялар тобының сату кеңселеріне, сондай-ақ басқа да байланыстар бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.
Air Astana Брондау және ақпарат орталығы (24/7):
форманы толтыру қажет WhatsApp: +7 702 702 00 74
Online chat: airastana.com FlyArystan
help@flyarystan.com 8 727 331-10-10 WhatsApp +7 702 702 0227
Live Chat FlyArystan мобильді қосымшасында/ flyarystan.com сайтында
Айта кетейік, Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек жинаудың бірыңғай ресми тетігі белгіленді. Бүгінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге жинаған.
Каспийде қаза болған әскери қызметшілердің қазасына қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр.