Air Astana Астана-Қызылорда бағытындағы әуе рейсін қайтадан іске қосады
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM — ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Air Astana әуе компаниясының Астана мен Қызылорда арасындағы рейстері қайтадан іске қосылады.
Қызылорданың Қорқыт ата атындағы халықаралық әуежайынан хабарлағандай, 2026 жылғы 12 маусымнан бастап Астана — Қызылорда — Астана және Астана — Шымкент — Астана бағыттары бойынша әуе рейстері белгіленген кестеге сәйкес жұмысын қайта бастайды.
Жұма күні:
Астанадан ұшу — 19:05,
Қызылордаға келу — 20:45,
Қызылордадан ұшу — 21:45,
Астанаға келу — 23:20.
Сенбі күні:
Астанадан ұшу — 13:00,
Қызылордаға келу — 14:40.
Қызылордадан ұшу — 15:40;
Астанаға келу — 17:15.
Жексенбі күні:
Астанадан ұшу — 19:05;
Қызылордаға келу — 20:45;
Қызылордадан ұшу — 21:45;
Астанаға келу — 23:20.
Еске салайық, 2026 жылғы 31 шілдеден бастап Измир — Алматы — Измир бағыты бойынша тікелей әуе рейстері іске қосылады.