«Air Astana» билет бағасын арзандатпайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Air Astana» әуе компаниясы авиациялық жанармай бағасының елеулі түрде арзандап жатқанына қарамастан, ұшақ билетін арзандатпайды. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында мәлім етілді.

«Air Astana» билет бағасын арзандатпайды

«Авиациялық керосиннің бағасы біршама арзандады. Соңғы 1,5 жыл ішінде 40 пайызға төмендеді. Бұл әрине, біз үшін жақсы, бірақ осы уақыт ішінде компанияның долларлық шығындары артып кетті», - деді Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

Айта кетелік, 2015 жылы компания 47,7 млн. доллар көлемінде пайда тапқан. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 144 пайызға жоғары. Сонымен қатар, өткен жылы әуе компаниясы барлығы - 3,86 млн. жолаушыны тасымалдаған. Ал бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 2 пайызға жоғары.