Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Air Astana-дағы миллиардтық жымқыру: апелляция үкімді күшінде қалдырды

АСТАНА.KAZINFORM - Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы «Air Astana» АҚ - да 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру туралы қоғамдық резонанс тудырған іс бойынша үкімді өзгеріссіз қалдырды.

сот
Фото: Air Astana

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы 9 жылға, ал оның екі сыбайласы 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ барлық сотталғандардың мүлкі тәркіленіп, оларға 5 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.

Сот жәбірленуші тараптың 1 миллиард теңгеден астам сомаға берген азаматтық талап-арызын қанағаттандырды. Тәркіленген мүлік келтірілген шығынды өтеуге бағытталады.

Бас прокуратура мәліметінше, апелляциялық инстанция қорғаушы тараптың уәждерін қарап шығып, үкімді өзгеріссіз, ал шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды.

Айта кетейік, Қызылордада сталкинг жасаған 4 адамға қатысты үкім шықты.