Air Astana Дубайға ұшатын тағы бірқатар рейсті тоқтатты
АСТАНА. KAZINFORM — Air Astana әуе компаниясы 13 және 14 шілдеге жоспарланған Дубай бағытындағы рейстерге өзгеріс енгізді.
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Air Astana әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын тоқтатады. Атап айтқанда, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы — Дубай — Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған КС 205/206 Астана — Дубай — Астана рейстері тоқтатылады.
— Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару не 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстерден 31 шілдені қоса алғанға дейін жоспарланған рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады. Air Astana жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды қайтару мәселелерін шешіп жатыр, — делінген компания таратқан ақпаратта.
Байланыс үшін Air Astana Брондау және ақпарат орталығы (24/7):
- help.airastana.com
- + 7 727 244 4477 + 7 7172 584477 +7 702 702 4477
Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі:
- +7 7272 44 44 78
- WhatsApp: +7 702 702 00 74
- Online chat: airastana.com
Осыған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты 12 шілдедегі әуе рейстерінің кестесі өзгеретінін ескертті.