Air Canada ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Калгари қаласында қонуы тиіс Шанхайдан ұшқан Air Canada әуе компаниясы ұшағының бортындағы 20-ға жуық жолаушы турбуленттілік салдарынан жарақат алды.
None
None

Рейс канадалық Торонтоға бет алған, алайда бағдарын шұғыл өзгертуіне тура келді, деп хабарлады РИА Новости.

Калгари өртке қарсы қызметінің ресми өкілі Кэрол Хенкенің мәлімдеуінше, әуежайға шұғыл қызмет тобы жіберілген. Жолаушыларға әуе кемесі қонған бетте көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар